2026 жылғы 10-13 тамыз аралығында Корея Республикасының Пусан қаласында Халықаралық кітапхана қауымдастықтары мен мекемелері федерациясының (IFLA) 90-шы Дүниежүзілік кітапханалық-ақпараттық конгресі – IFLA WLIC 2026 өтті. Конгреске Шымкент қаласының кітапханашылары да қатысып, халықаралық кәсіби тәжірибе алмасты.

Конгрестің негізгі тақырыбы – «Кітапханалар – трансформацияның қозғаушы күші» («Libraries Powering Transformation»). Іс-шара барысында цифрлық трансформация, жасанды интеллект, халықаралық стандарттар, метадеректер және заманауи кітапхана қызметін дамыту мәселелері талқыланды.

IFLA WLIC 2026 кітапхана саласындағы жаңа үрдістермен танысуға, тәжірибе алмасуға және халықаралық кәсіби байланыстарды нығайтуға мүмкіндік берген маңызды кәсіби алаң болды.

17 тамыз 2026 ж.