Кітапхананың барлық қызметін үйлестіретін, инновациялық қызметті енгізуді қамтамасыз ететін, кадрлардың біліктілігін арттыруға бағытталған жұмыстарды атқаратын, кітапхананың аналитикалық, зерттеу және маркетингтік қызметін жүргізетін құрылымдық бөлім болып табылады. Сонымен қатар бөлім кітапхана қызметін дамытуға бағытталған стратегиялық жоспарлар әзірлейді, әдістемелік қолдау көрсетеді және кітапхана жұмысының тиімділігін арттыруға арналған талдау жұмыстарын жүргізеді.

Түрлі білім салаларын тұтас қамти отырып, басылымдар түрін жинақтайды.Кітапхана қорын ғылыми, ақпараттық, тарихи, көркемдік мәні бар құжаттармен, барлық білім саласы бойынша мерзімді басылымдармен және де басқа ақпарат көздерін таратушы құралдармен оқырман сұранысын зерттей отырып, жүйелі түрде толықтырып отырады. Жаңадан келіп түскен әдебиеттерді өңдеумен және кітапхана қорын бейнелейтін бас әліпбилік каталог, оқырмандар үшін әліпбилік, жүйелік және кітапхананың «МЕГА РАБИС» бағдарламасы бойынша кітап қорының электрондық каталогын жүргізеді.

Жаппай көрмелік, бұқаралық іс-шара жүргізубөлімі кітапхананың құрылымдық бөлімшесі. Бөлім кітапхананы насихаттау, кітапханаға оқырманды баулу, әдебиетті дәріптеу, тұрғындардың бос уақытын ұйымдастыру және атаулы күндерге байланысты өтетін көпшілік іс-шараларды ұйымдастырады. Сонымен қатар, кітапханадағы сурет галерея залының жұмысын үйлестіреді.

Ақпараттық-библиографиялық қамтамасыз ету бөлімі кітапхананың негізгі құрылымдарының бірі болып саналады, кітапхананың ақпараттық және анықтамалық жұмыстарына жауап береді. Библиографтар пайдаланушыларға ақпараттық және анықтама-библиографиялық қызмет көрсетеді, сұранысы, соның ішінде виртуалды сұраныстар бойынша ақпарат іздейді; мамандарға арналған түрлі ақпараттық іс-шаралар өткізеді, мәліметтер базасын қалыптастыру жұмыстарын жүргізеді.

Оқырмандарға сапалы кітапханалық-ақпараттық қызмет көрсету, олардың ақпараттық сұраныстарын қанағаттандыру және кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру. Кітапхана қорындағы әдебиеттерді насихаттап, оқырмандарды кітаппен қамтамасыз етеді, түрлі мәдени-ағартушылық іс-шаралар ұйымдастырады. Сонымен қатар, оқырмандарға әдебиеттерді іздестіру, таңдау және пайдалану бойынша кеңес беру жұмыстарын жүргізеді.

Негізгі кітап сақтау қоры кітапхананың жабық құрамдас бөлігі болып табылады. Бөлім қорды ғылыми негізде ұйымдастырып, оның сақталуын, қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Кітап өңдеу және каталогты ұйымдастыру бөлімінен әдебиеттерді қабылдап, кітапхананың бөлімдеріне таратады. Кітапхананың қызмет көрсету бөлімдері арқылы оқырмандарға қызмет көрсетеді, кітапханалық жобаларға, іс-шараларға қатысады. Бөлімнің қорын зерттеп, қозғалысын ұдайы бақылауға алып отырады.

Оқырмандарға ағылшын тілін үйренуге қолдау көрсету, шет тіліндегі әдебиеттерге қолжетімділікті қамтамасыз ету және жастардың мәдени-танымдық деңгейін арттыру. Сондай-ақ, түрлі білім беру, мәдени және шығармашылық іс-шаралар арқылы халықаралық тәжірибемен таныстыру және тұлғалық дамуына жағдай жасау.

Кітапхана қызметін ақпараттық технологиялар негізінде автоматтандыру, электрондық каталог пен деректер базасын сүйемелдеу, кітапханалық үдерістердің тиімді жұмысын қамтамасыз ету. Цифрлық ресурстарды дамыту және пайдаланушыларға заманауи ақпараттық қызмет көрсету сапасын арттыру.

Кітап қорының жүйелі түрде тіркелуін, сипатталуын және пайдаланушыларға қолжетімді болуын қамтамасыз етеді. Жаңа түскен әдебиеттерді есепке алу, оларды библиографиялық тұрғыдан өңдеу, электронды және дәстүрлі каталогтарға енгізіп отырады. Сонымен қатар, кітаптарды тақырыптық, авторлық немесе алфавиттік жүйе бойынша реттеп, оқырмандардың қажетті ақпаратты тез табуына көмектеседі.

Туған өлкенің тарихы, мәдениеті, табиғаты және әлеуметтік дамуын зерттеу, сақтау және насихаттаумен айналысатын құрылым. Жергілікті ақын-жазушылардың шығармашылығын таныстырып, өлке тарихына қатысты материалдарды жинақтап, оқырмандарға ұсынады. Сонымен қатар тарихи-мәдени мұраны насихаттап, кітап көрмелері, әдеби-танымдық кештер мен кездесулер, тұсаукесерлер ұйымдастырады.

Оқырмандарға әдебиеттерді үйге алуға мүмкіндік береді. Қор қазақ және орыс тілдеріндегі оқулықтар, ғылыми-көпшілік және көркем әдебиеттермен қамтылған. Ашық қор жұмыс істейді, оқырмандар қажетті әдебиеттерді еркін таңдай алады. Сонымен қатар кітап көрмелері, әдеби кештер және жаңа кітаптардың таныстырылымдары ұйымдастырылады.

Оқырмандарға мерзімді басылымдармен, яғни газет-журналдармен қызмет көрсетеді. Қордағы барлық сала бойынша бұрынғы жылдардағы және жаңа мерзімді басылымдарға оқырмандардың еркін қол жеткізуін қамтамасыз етеді. Мерзімді басылымдар секторында жергілікті, республикалық және алыс – жақын шет ел мерзімді басылымдар қоры жинақталған.

Оқырмандарға жедел әрі сапалы кітапханалық қызмет көрсету, әмбебап кітап қорын ұсыну, ақпараттық ресурстарды тиімді пайдалану бойынша кеңес беру және қолайлы оқу жағдайын жасау болып табылады. Сондай-ақ сектор кітап көрмелерін, әдеби кештер мен көпшілік іс-шараларды ұйымдастырып, қоғамдағы маңызды оқиғаларды насихаттау жұмыстарын жүргізеді.

Отандық және шетелдік өнер мұраларына қолжетімділік қамтамасыз етіледі. Залдың әмбебап қоры өнердің әртүрлі салаларына арналған әдебиеттерден, соның ішінде қазақ музыкасы мен бейнелеу өнеріне қатысты басылымдардан тұрады. Оқырмандарға кәсіби және халық шығармашылығы туралы ақпарат ұсынылады. Сонымен қатар тақырыптық және жаңа кітап көрмелері ұйымдастырылып, өнер қайраткерлерімен кездесулер мен мәдени-танымдық іс-шаралар өткізіледі.