CNKI вебинары
«Қытай және басқа елдердің ғылыми білімдер әлемі
2-сессия, 2026 жыл

Вебинар туралы ақпарат:

Қазақстан уақыты бойынша: 2026 жылғы 9 маусым, сағат 12:00-13:00

Ұзақтығы: 45 минут + тікелей сұрақ-жауап сессиясына 15 минут

Форматы: Zoom платформасындағы вебинар

Zoom конференциясына қосылу сілтемесі: https://us02web.zoom.us/j/85244842670?pwd=m0W8rpO7kYSBNboqhYOBEDX9KrYQa2.1

Конференция идентификаторы: 852 4484 2670

Құпиясөз: 231654

Вебинар тілдері: ағылшын және орыс тілдері

Жүргізуші / модератор:
Камила Бекеева – CNKI International компаниясының Қазақстандағы сату жөніндегі директоры

Спикерлер:
Ай Сию – CNKI International қолдау қызметінің басшысы
Цяо Ци – CNKI International өнім менеджері

Вебинар бағдарламасы:

  • Кіріспе сөз: CNKI-дің негізгі академиялық ресурстарына шолу;
  • Зерттеу тиімділігін арттыру: ғылыми әдебиеттерді тиімді іздеудің кеңейтілген функциялары мен стратегиялары;
  • Жасанды интеллект көмегімен зерттеу жұмысын жетілдіру: CNKI-дің жасанды интеллект негізіндегі құралдарын пайдалана отырып, ғылыми әдебиеттерге шолу жасау және оларды талдау;
  • Интерактивті сессия: тікелей эфирдегі сұрақ-жауап.

Вебинар кімдерге арналған:

  1. Салалық кітапханашылар мен үйлестірушілерге;
  2. Ғылыми зерттеулерді қолдау мамандарына;
  3. Зерттеушілер мен студенттерге;
  4. Оқытушылар мен кафедра меңгерушілеріне;
  5. Электрондық ресурстарды сатып алу, жазылым және қорды толықтыру жөніндегі басшылар мен мамандарға;
  6. Ақпараттық сауаттылық және анықтамалық-библиографиялық қызмет көрсетумен айналысатын кітапханашыларға.

CNKI (China National Knowledge Infrastructure) – Қытайдағы академиялық электрондық ресурстардың ірі жеткізушісі әрі дерекқорлар агрегаторы. Платформа ғылыми журналдар, диссертациялар, статистикалық мәліметтер, электрондық кітаптар, газеттер, конференция материалдары және басқа да академиялық ресурстарды қамтитын кешенді цифрлық ресурстарды ұсынады. Бүгінде CNKI ресурстарын әлемнің 100-ден астам елдері мен аймақтарындағы 1000-нан астам мекеме пайдаланады.

02 маусым 2026 ж.