2022 жылдан бастап дәстүрлі түрде өткізіліп келе жатқан мәдени-шығармашылық шара. Байқау жас ақындар мен әдебиетке қызығушылығы бар қатысушылардың шығармашылық қабілетін дамытуға, поэзия арқылы рухани құндылықтарды насихаттауға және әдебиетке деген қызығушылықты арттыруға, қоғамда кітап оқуға деген қызығушылықты арттыру, оқу мәдениетін қалыптастыруға бағытталған.

Ұлттық құндылықтар мен халық ауыз әдебиетін насихаттау, балалардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, ертегілер арқылы олардың ой-өрісін, қиялын және тіл байлығын дамыту, сондай-ақ ұрпақтар сабақтастығын нығайту.

Бұл жоба белгілі тұлғалардың рухани мұрасы мен туындыларын, Қазақстан жазушыларының мерейтой кітаптарын насихаттауға бағытталған. Мақсаты оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, оқу мәдениетін қалыптастыру және рухани-адамгершілік құндылықтарды дәріптеу арқылы тұлғаның жан-жақты дамуына ықпал ету.

Жастардың интеллектуалдық әлеуетін арттыру, олардың танымдық және ғылыми көзқарасын қалыптастыру. Жоба аясында кітапхана оқырмандарына тұрақты ағартушылық орта құру, жоғары және арнаулы оқу орындарының студенттерімен жүйелі оқу-ағарту жұмыстарын жүргізу көзделеді. Сонымен қатар фольклор мен этнографиялық мұраны насихаттау, ғылыми-практикалық лекциялар мен сұхбаттар ұйымдастыру арқылы оқырмандардың ой-өрісін кеңейту, логикалық және сыни ойлау қабілетін дамыту міндеттері жүзеге асырылады.

«Америкалық бұрыш» – жастарға ақпараттық, мәдени және білімдік қолдау көрсетіп, оларды кітап, ағылшын тілі және интерактивті іс-шаралар арқылы әлемдік тәжірибеге жақындататын әлеуметтік-рухани жоба.

Шымкент қаласындағы Американ бұрышы 2022 жылы А. С. Пушкин атындағы кітапхана базасында өз жұмысын қайта бастады. Біз Қазақстандағы 10 Американ бұрышының бір бөлігі болып табыламыз, барлық жобалар АҚШ Мемлекеттік департаментінің қолдауымен жүзеге асырылады.

Біздің барлық бағдарламаларымыз толықтай тегін және мыналарды қамтиды: ағылшын тілін үйрену және дамыту клубтары, шеберлік сабақтары,.білім беру тренингтері мен шығармашылық іс-шаралар.

Американ бұрышы – бұл оқу, мәдени алмасу және жастардың дамуы үшін ашық алаң.

Ерекше күтімді қажет ететін балалардың қоғамға бейімделуіне қолдау көрсету, олардың шығармашылық және танымдық қабілеттерін дамыту, кітап оқуға қызығушылығын арттыру, сондай-ақ психологиялық және рухани қолайлы орта қалыптастыру. Жоба балалардың өмірге деген сенімін нығайтып, мейірімділік пен түсіністікке негізделген орта құруды көздейді.

«Бақытты отбасы» – отбасы құндылықтарын дәріптеуге, ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынасты нығайтуға және жауапты ата-ана мәдениетін қалыптастыруға бағытталған әлеуметтік-тәрбиелік жоба. Жоба аясында психологиялық қолдау, танымдық және рухани іс-шаралар ұйымдастырылып, отбасындағы өзара сыйластық пен татулықты арттыру көзделеді. Сонымен қатар жастардың отбасылық өмірге деген көзқарасын қалыптастырып, қоғамда берекелі отбасы моделін насихаттауға ықпал етеді.

Кітапты тек оқу құралы ретінде емес, интерактивті тәжірибе ретінде танытатын шығармашылық жоба оқырмандар мен түрлі сала мамандары арасында тікелей кездесулер ұйымдастыру арқылы кітап оқуға деген қызығушылықты арттыруға бағытталған. Бұл жоба арқылы жастардың ой-өрісі кеңейіп, кітапқа деген қызығушылығы артып, мамандық таңдауға қатысты көзқарасы қалыптасады.

Кешкі уақыттарда циклды мәдени-танымдық іс-шаралар ұйымдастыру арқылы оқырмандарға кітапхана кеңістігін жаңа форматта ұсыну, кітап оқуға қызығушылықты арттыру және жастардың бос уақытын тиімді әрі мазмұнды өткізуіне жағдай жасау.

Жас буынның музыкалық өнерге деген қызығушылығын арттыруға, олардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға және эстетикалық талғамын қалыптастыруға бағытталған жоба. Жоба аясында музыкалық кездесулер, концерттер, фестивальдер, шеберлік сағаттары, көрнекті композиторлардың мерейтойлық даталарына арналған кештер және түрлі тақырыптық іс-шаралар өткізіледі. Жоба «Ерекше жол» қоғамдық қоры мен А. Пушкин атындағы қалалық әмбебап кітапханасының бірлесуімен жүзеге асырылады.